Жарты жылда 23 бала суға батып өлген
Жыл сайын шамамен жүз бала шомылу маусымы кезінде қаза табады екен. Биылдың өзінде 23 жеткіншек өмірмен ерте қоштасқан. Оның басты себебі, кішкентайларды қараусыз қалдыру дейді Ішкі істер министрлігі.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.05.2019
Жалпы биылдыққа елдегі су қоймаларында 81 адам көз жұмған. Оның 23-і – балалар болып отыр. Әсіресе, Түркістан облысында балалар ең көп суға кетеді екен. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, және Қызылорда облыстарында да көп кездеседі дейді мамандар. Қайтыс болғандар арасында балық аулаймын деп қапыда кеткендердің саны 24. Оның негізгі себебін мамандар көктемгі, қысқы уақыттарда қауіпсіздік құралдарын қолданбауы дейді министрлік өкілдері.
Юрий Ильин, Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Былтыр шомылу маусымында 90 бала қаза тапқан еді. Биыл қазірдің өзінде 23-ке жетті. Мұның басты себебі, балаларды қараусыз қалдыру. Өкініштісі, ешқандай су жоқ жерде балалар арыққа құлап өліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!