{metadescription}
Сарқыт жеуге болмайды деген бас санитардың сөзі түсінбеушілік тудырды
Сарқыт жеуге болмайды деген бас санитардың сөзі түсінбеушілік тудырды

Сарқыт жеуге болмайды деген бас санитардың сөзі түсінбеушілік тудырды

Еліміздің бас санитарының осындай мәлімдемесі қоғамда түрлі түсінбеушілік тудырды. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, ішек ауруларынан сақтану үшін мерекелік дастарханнан үйге алып келетін дәмнен алыс болған жөн. Алайда, бас санитардың бір ауыз сөзіне қарапайым халықтың айтар уәжі бар.

Бас санитар Жандарбек Бекшиннің бір ауыз сөзі дүйім жұртты дүрліктіріп тастады. Үйге келген қонағын құдайындай сыйлап, ұлан асыр тойын қазынаға балайтын қарапайым халық оның сарқытты сынғанын түсінбей әлек. Ал, күн ысығында ел ішіндегі ішек инфекциясының артуына алаңдаған Бекшиннің жауабы мынадай.

Жандарбек Бекшин, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Ішек аруруларынан сақтану үшін келесі ережелерді сақтаған жөн. Кәмпит және құрғақ конидтерлік өнімдерді есептемегенде мерекелік дастархан алып келетін сарқытты қолданбау керек.

Алайда, бас санитардың ұсынысы дәстүрге берік талай жанның наразылығын тудырды. Алматы облысының тұрғыны Мейрамгүл Бекжанованың айтуынша, қанға сіңген қасиет сарқыттан бас тарту мүмкін емес. Үш баласынан 12 немере бағып-қағып отырған зейнеткер сарқыт берекелі тіршіліктің несібесі деп есептейді.

Мейрамгүл Бекжанова, Алматы облысының тұрғыны:

Дастарханда қалған сарқытты алу керек. Өйткені, ол дастарханның басында ұлы, дана адамдар отыр. Сарқытты келісіп бөліп алып, үйіндегі балаларына, немерелеріне сендерге жұғысты болсын, алыңдар, жеңдер деп апарып береді. Қазіргі сарқыттың мән-мағынасы сол.

Ал, этнограф Гүлім Қабдолдинаның айтуынша, сарқыт ғұрыптық мәнін жоғалтпаған ежелгі дәстүрдің бірі. Бала кезінде қонаққа кеткен үлкендерден сарқыт күтіп өскенін жасырмаған этнограф, дәстүрден бас тартуға болмайтынын айтады.

Гүлім Қабдолдина, этнограф:

- Тойханада жасайды тойды. Одан көп нәрсе ысырап болып қалып қалады. Сондықтан үй ішінде балалар ауыз тисін деп салып алған өте дұрыс. Гигиеналық талаптарға сай келмейді деп дәстүрден бас тартуға болмайды. Біздің қазақтың дәстүріндегі қай ырымын, қай тыйымын алмайын, көрегендік жатыр әр жағында. 

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар десек те, сарқыт алу қазіргі салтымыздың ажырамас бөлігі екені шындық. Демек, бас санитар қанша жерден ұсыныс айтса да, сан ғасырлық ғұрыпты ұстанғандар ата дәстүрден бір күнде бас тарта қоюы екіталай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.