{metadescription}
Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 2 адам жарақаттанды
Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 2 адам жарақаттанды

Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 2 адам жарақаттанды

Олардың екеуі де студент. Жол апатынан зардап шеккендерге шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді.

Бекзат Бейсенов, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының травматолог-дәрігері:

Екі қыз түсті. Біреуі 94 жылғы, біреуі 89 жылғы. Түскен кезде екеуінің диагнозы ми шайқалған. Түскен кезде біз оларды қарадық. Осы ауруханаға жатқызатын белгілері жоқ. Тұрғылықты жерде емделеді.

Оқиға Сүйінбай даңғылының бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, ауыр техника мен автобус соқтығысқан сәтте қоғамдық көлік жолаушыларға лық толып болыпты. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан қарт адамды өткізбек болып кілт тоқтайды. Сол сәтте қатарлас келе жатқан жүк көлігі тежегішті басып үлгере алмай, бағытын автобусқа қарай бұрған. Қоғамдық көлікті тізгіндеген ер адам жүйткіген техникадан қашып үлгере алмапты. Осылайша автобусты бүйірден келіп соққан. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жүргізе бастады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Сот автотехникалық және сот-медициналық сараптамалар тағайындады. Осы сараптамалардың нәтижесінде, кінәлі адам міндетті түрде анықталатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.