Шымкентте 6 баланы қаққан әйел автомат пен механиканы шатастырып алған
Шорт тректен жаттығуға келген оннан астам балақайды абайсызда қаққан әйел механикалық қораппен жүретін көлікті жақында ғана тізгіндеген екен. Қазір, осы жәйт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр. 4 жеткіншек жеңіл жарақатпен құтылса, 6 және 11 жасар екі қыздың беті тек бүгін бері қарады.
Автор: Бек Әбиев
28.05.2019
Оқиға кеше түс қайта мына Мұз сарайы кешенінің аумағында болған. Шорт трек спортынан жаттығуға келген оннан астам балақай осы жерде ата-анасымен қоштасып тұрады. Осы кезде автотұрақта тұрған Опель көлігі бордюрден қарғып өтіп, балаларды соққан. Көлік астында қашып үлгірмеген 6 бала қалды.
Ал, көлік тізгінінде қысқы спорт түрлері мектебінің дәрігері болған. Үнемі автоматты ауысқыш қорапты көлік айдап жүрген 44 жастағы Елена Крышина, соңғы уақытта механикалық берілгіш қорапты «Опель Кадет» машинасын алған екен. Бір жағы автоматқа үйренген әйел механикадан шатасса, екіншіден көліктің де ақауы болған көрінеді.
Бақытжан Зиябеков, Шымкент қаласының №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры:
- Артқы колодкасының манжеті жыртылып кеткен Сонымен бірден жұлқып барып балдарды соққан ғой. Тротуарға шығып кетіп, балалар қашқан.
Спорт мектебіндегі дәрігердің орына басшысы ақталып, болған жәйтті айтып беріп жатыр. Елена Кришынаның өзі аурухана жағалап, қажетті көмек көрсетіп жүр екен. Жарақат алған 6 баланың 4-уі бірден үйіне жіберілсе, екеуінің беті бүгін ғана бері қарапты.
Тимур Бегманов, Түркістан облыстық балалар ауруханасының нейрохирургі:
- Біреуінің диагнозы астыңғы жақ сүйегінің сынған. Шүйде сүйегі жарылған. Бас-ми жарақатын алған.
Спорт мектебі басшысының айтуынша ата-аналар дәрігерге шағым түсірмепті. Десе де, бұл жәйт бойынша бір баппен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама да тағайындалды. Ал, айып тұрағында тұрған көлікті дәрігер сот аяқталғанша тізгіндей алмайтын сияқты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!