Полиция бекеттерін тас жолдан алып тастайды
Ішкі істер министрлігі енді олардың қызметі керек емес деген тоқтамға келіпті. Яғни ішкі полиция бекеттерінің бәрі таратылады да тек ел аумағын қоршап тұрған шекарадағылары ғана қалады.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.05.2019
Бірақ бірден емес. Шілдеден бастап біртіндеп, яғни, фото-видео бақылау жүйесі орнатылған жерлердің барлығында алына бастайды. Жолдың бойындағылар ғана емес, қалаға кіреберістерде тұрғандары да енді жұмысын тоқтатады. Соның салдарынан жұмыстан босап қалған 300-дей полиция қызметкері күшейтуді қажет ететін салаларға жіберіледі. Бірақ бұл бүкіл полиция бекеттері қиратылады деген сөз емес. Олар енді басқа қажеттілік үшін қолданылмақ.
Алексей Калайчиди, Ішкі істер министрінің орынбасары:
- Босап қалған полиция бекеттері қонақүйлерге беріліп, қиын жағдайларда жылыту орындары ретінде пайдаланылады. Олардың қызметі енді керек емес. Елге сырттан әкелетін тыйым салынған заттарды бақылайтын басқа да мүмкіндіктеріміз жетіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!