{metadescription}
Батуттан менингит пен пневмония жұғуы мүмкін  
Батуттан менингит пен пневмония жұғуы мүмкін  

Батуттан менингит пен пневмония жұғуы мүмкін  

Осы батутты бизнеске айналдырғандардың жұмысын бақылау үшін енді арнайы орган құрылуы мүмкін. Осылайша, Ішкі істер министрлігі табыс табамыз деп қауіпсіздікті естен шығарғандарды сабасына түсірмек. Бұл туралы Үкіметтегі жиында Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы хабарлады.

Қарағандыдағы жел ұшырған батуттың иелері былтыр осы саябақта мол пайдаға кенелген. Кәсіпкер әйел күн жылынса балалардың бас алмай ойнайтын жері екенін білсе керек, биыл да ойын жабдығын сол маңға құрыпты. Ал төтеншеліктер қайғылы оқиғаға себепкер болған батутты құрған экс-әріптестері өз еркімен жұмыстан кетті деп отыр.

Владимир Беккер, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Ешкім оны өткен датамен жұмыстан шығарған жоқ. 2001-2019 жылдар бізде жұмыс істегені рас. Ал оның әйелі өткен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Күйеуі бар болғаны жұбайының жұмысына көмектескен.

Сөйтсек, батуттан келетін кесел аз емес екен. Балалар ойнайтын жабдық менингит, пневмония мен ішек ауруын жұқтыратын микробтарға толы болуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені далада шаң басып жатқан батуттардың тазалығын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Сондықтан дәрігерлер санитарлық талаптардың сақталмауы балалардың денсаулығына қауіп төндіретінін жоққа шығармады.

Сәдуақас Байғабылов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

- Батут иелері күн сайын тазалап, жуып тұруы керек. Өйткені, кез-келген балаларға арналған аттракциондарда, ойын бөлмелерінде вирус қалады. Ал, кішкентайлар оны тез жұқтырып алуы мүмкін. Ата-аналар мұндай жерлерден шыққасы міндетті түрде жеткіншектердің қолын дұрыстап жуғаны жөн. 

Мамандар батут балалар денсаулығына қауіпті дегенмен оған сұраныс жоғары екенін жасырмай отыр. Ал шектеуге байланысты кәсіпкерлерді тексеруге құзіретіміз жоқ деген Ішкі істер министрлігі Үкімет басшысына хат жолдап, батуттарды бақылайтын арнайы орган құруды сұрады. Оның қай мекеменің жанынан пайда болатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде