{metadescription}

Батуттың астында қалып қаза тапқан оқушы жер қойнына тапсырылды

Қарағанды саябағында аударылған батут қожайыны Ерлан Тәкішев 2 айға тергеу абақтысына қамалды. Ал сол батуттың астында қалып қаза тапқан 12 жастағы Борис Рудаковты туыстары бүгін жер қойнына тапсырды.

Қаршадай баласынан айырылған қаралы үйге қайғыра көңіл айта келгендердің қарасы қалың. Қарапайым тұрғындармен қатар мұнда биліктегілердің де төбесі көрінді. Естеріңізге салсақ, мамырдың 25-сі күні орталық саябақта жел құлатқан батутқа балалар басылып қалған-ды. Оның астынан 12 жастағы Борис Рудаков тірі шықпады. Тағы екі бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Апаттан соң батуттың қожайыны бірден ұсталды. Ол облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы қызметкері екен. Сот шешімімен Ерлан Тәкішев 2 айға тергеу абақтысына қамалды. Судья оны тергеу кезінде бостандыққа жіберу қауіпті деп тапқан.    

Еркеш Мәукен Қарағанды облыстық сотының ресми өкілі:

- ҚК 306-шы бабы 3-ші бөліміне сәйкес 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Тергеу органдарының өтініш хаттарына сәйкес, қылмыстық жауапкершіліктен қорқып, бұл азамат қашып кетуі мүмкін. Немесе куәләр мен жәбірленушіге ықпал жасауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде