Қосановтың өкілдері үнпарақ таратуды қолға алды
Қостанай қаласында Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың өкілдері үнпарақ таратуды қолға алды. Айта кетейік, жақында ғана үміткердің өзі осы өлкеге барып, тұрғындармен жүздескен болатын.
Автор: Мақсат Мәлік
29.05.2019
Қазір облыстық штабтың жұмысы жолға қойылған. Әр азаматтың сонда келіп, саяси бағдарламамен толық танысуға мүмкіндігі бар. Қаладағы үгіт-насихат жұмыстарынан бөлек, үміткердің ұстанымы және сайлауалды бағдарламада көрсетілген жайттарды алыстағы ауылдарға жеткізу жоспарланып отыр.
Серік Сатмұханбетов Ә. Қосановтың өңірлік сайлаулды штабының жетекшісі:
- 20-ға жуық аудан бар. Сол жерлерде таратып жатырмыз. Жұмыс қызу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!