Еспаева Ресейге оқуға кетіп жатқан жастардың мәселесін көтерді
Президенттікке кандидат Дәния Еспаева Екібастұз қаласында еңбек ұжымдары және кәсіпкерлермен кездесті.
Автор: Мақсат Мәлік
29.05.2019
«Ақ жол» партиясының үміткері мемлекеттің дамуына үлес қосатын ірі кәсіпорындарды әрқашан қолдау керектігін айтады.
Қала тұрғындарымен жүздесу барысында Еспаева әлеуметтік саладан бөлек кәсіпкерлікті қолдау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу секілді сауалдарға жауап берді. Тіпті, Ресейге білім іздеп кетіп, оқу бітірген соң сол жақта қалып қоятын жастар мәселесі де назардан тыс қалмады.
Дәния Еспаева, Президенттікке кандидат:
- Ресейдің техникалық білім беретін жоғары орындарын жоғары деп санайды. Бұл біріншіден. Екіншіден сонда білім алған балалар сонда қалып жатыр. Себебі оларға жұмыс беріп жатыр. Біз де өз институттарымыздың сапасын көтеру керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!