Ахметбековтің жақтастары тігін фабрикасында болды
Шағын және орта бизнеске салықты төмендету керек. Тараздағы тігін фабрикасының бірінде болған президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің жақтастары осылай деп мәлімдеді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
29.05.2019
Коммунистер отандық өнімдерді әлемге танымал брендке айналдырғымыз келсе, салықтық жеңілдік қажет дейді. Тіпті отандық тауар өндірушілерге жылдық мөлшерлемесі 3,5 пайызбен несие беруді ұсынды. Сонымен қатар бастамасын Үкіметке жеткізіп кәсіпкерлерді қаржылай қолдауға уәде етті.
Әлия Маxашева, тігін бөлімінің оқытушысы:
- Сайлауалды бағдарлама қарапайым xалықтың жанына жақын деп ойлаймын. Мен өзім осы кісіге дауыс беремін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!