Тоқаев әлеуметтік салаға қыруар қаржы бөлмек
Тоқаев сайлауда жеңіп шықса, әлеуметтік саланы дамытуға қосымша 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлмек. Оны баспана салуға және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге жұмсау көзделген.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.05.2019
Нұротандықтар Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын Тараз жұртына таныстыру үшін «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Осы бастама арқылы партия өкілдері қала аудандарын аралап, сайлаушыларға сабақтастық, әділдік, өрлеуді негіз етіп алған бағдарламаларын түсіндірді. Сондай-ақ жастардың терең білім алуына қандай жағдай жасайтыны да айтылды.
Айбек Қадырәлиев, Президенттікке кандидат Қ. Тоқаевтың қалалық қоғамдық штабының мүшесі:
- Бұл сайлау біздің күшіміз бен ісімізді, бірлігіміз бен тірлігімізді дәлелдейтін тарихи сәт. Ендеше Жамбыл облысының жалынды жастары кемел келешектің кейіпкерлері яғни біздер мен сіздер Кемелұлына дауыс беретіндіне сенімім мол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!