{metadescription}

Несиеге алынған баспанасына қоныстана алмаған жұрт шу шығарды

Алматыда ипотекалық несиеге баспана алған 30-дан аса отбасы 8 айдан бері үйлеріне кіре алмай жүр. Олар банк ұйымдастырған байқауда жеңіп шыққандар екен. Бірақ тиесілі баспанасына қол жеткізе алмай келеді. Құзырлы орындардың құрғақ уәдесінен мезі болған салымшылар, бүгін Алатау ауданының әкімдігінде шу шығарды. Тиісті мекемелердің де уәжі тайын болып шықты.

Өткен жылдың қараша айында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша несиеге үй алған 32 отбасы, әлі күнге дейін жаңа баспаналарының табалдырығын аттамаған. Банктің барлық талаптарын мерзімінде орындау үшін тіпті туыстарына да несие алдырып, келісімде көрсетілген қаражатты толтыруға тырысқан. Алайда, арада бірнеше ай өткенімен баспана түгел мардымды жауапты алудың өзі қиынға соғуда дейді жиналғандар.

Ерлан Қантөреев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қаңтарда барлық үй беріліп қойған. 20-шы мамыр күні бітеді деген құрылыс. Кеше барып көрсек әлі трактормен жыртып жатыр. Бордюрлер қойылмаған.

Ал Алатау ауданының әкімі, мұндай жағдайдың болып жатқандығын алғаш рет естуім дейді. Ол үсті-үстіне қойылған толассыз сұрақтардың нақты жауабын алу үшін тиісті орындардың өкілдерін жинауға кірісті.

Шахмерден Рыспаев, Алатау ауданының әкімі:

- Мен жауап берейін енді. Бағанадан бері сіздер айғайладыңыздар. Мен үндеген жоқпын ғой. Қазір біз шақырамыз оларды. Осы жерде жиналыс өткіземіз. Ол кісілер нақты жауабын береді.

Жаңа баспаналардың ғимараты толықтай аяқталғанымен, абаттандыру жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. Алайда, қоныстарын көруге жиі келетін тұрғындар, өзгерген дәнеңе де жоқ деп шағымдануда. Жұртшылықтың мұндай сауалына жайлылық басқармасының өкілі дер кезінде бітпеуіне жауын-шашын кінәлі дейді.  

Әділет Тілеужанов, Алматы қаласының жайлылық басқармасы басшысының орынбасары:  

- Абаттандыру жұмыстары кішкене жауын көп болды. Олар қазір жұмыстарын аяқтап жатыр. 15 күнде «Саялы 2»-де 45 үй, 45 үйдің толық абаттандыру жұмыстарын бітірдік. 

Сондай-ақ, банк өкілі мұндай жағдайға құжаттардың дер кезінде рәсімделіп бітпеуі қиындық тудыруда дейді. Өйткені байқауға  құрылысы аяқталуына үш ай қалған баспаналарды ғана алады екен. Сондықтан құрылыс басқармасының қорытындысынан кейін ғана салымшыларға кілттерін табыстаймыз дейді. 

Шахмұхаммед Жаһан, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ құрылыс жөніндегі маманы:

- Құрылыс жоспарын біз қадағаламаймыз. Ол үйлер қашан салынып бітеді білмейміз. Бізге құжат бойынша бірінші желтоқсан айында деп берілді. Желтоқсан айында ол үйлер дайын болды, бірақ коммуникация болған жоқ. Сосын олар мамыр айына дейін созды.

8 айдан бері баспанасына қол жеткізе алмай жүрген тұрғындардың мәселесіне толықтай нүкте қойылмады. Тек абаттандыру жұмыстары қалды деген атқамінерлер нақты қай уақытта қоныс тойын тойлауға болатынын айта алмады. Ал жалдамалы пәтерде күнелтіп жүрген салымшылар тиімді бағдарламаның титыққа әбден тигеніне қынжылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде