Нива маркалы көліктерді ұрлаумен айналысқан азамат ұсталды
Алматыда тек Нива маркалы автокөліктерді ұрлаумен айналысқан азамат пен оны арзан бағада сатып алып жүрген сыбайласы ұсталды. Олардың бұған дейін де үш темір тұлпарды ұрлағаны анықталып отыр. Бір қызығы, 500 мың теңгеге құжаты жоқ ресейлік көлікті сатып алған саудагер оны өзінің жездесіне де сатып жіберген екен.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
29.05.2019
Күдікті:
- Мен мұны өзім үшін алған жоқпын. Кімге алдыңыз?
- 50 мың үстінен пайда көрдім өзім. Сол үшін ғана.
- Кімге саттыңыз? Жездеме саттым.
Жеткізуші болып жұмыс істеген саудагер өзінің сыбайласымен кезекті тапсырыстардың бірінде танысқан. Әңгімелері жарасқаннан кейін тиімді ұсынысты қабылдапты. Құжаттары ломбардта жатыр, кешіктіріп жеткізіп беремін деп алдап сатқан күдіктілер төртінші Нива саудаланып жатқанда құрықталған. Ал бұрын ұрланған үш көлік те бүтін күйінде табылды. Енді екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
- Қылмыстық орындаушыға қылмыстық кодекстің 200-ші бабына сәйкес 7 жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделеді. Ал, қылмыстық жолмен табылған затты сатып алған С есімді азаматқа қылмыстық кодекстің 196 бабының нормаларына сәйкесүш жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!