{metadescription}

Тұрғындар ипотекалық несие алуды көбейткен

Қазақстандықтар небәрі төрт айдың ішінде 200 миллиардтан аса теңгеге ипотекалық несие алған. Бұл былтырғы дәл осы уақытпен салыстырғанда 55 пайызға көп. Ал бір жылда азаматтарымыздың баспанаға қарызы бір жарым триллионға жеткен. Мұндай мәліметті Ұлттық Банк жариялады. 

Жалпы мұндай мөлшерде ипотекалық қарыз алу бұрын-соңды болмаған. Сондықтан қазақстандықтардың тәуекел етіп, небәрі 4 айда 200 миллиард теңгеге қарызға кіруі, тіпті, рекордтық көрсеткіш деп отыр қаржыгерлер. Ал ипотекалық несиенің күрт өсуіне «7-20-25» пен «Баспана хит» бағдарламалары әсер еткен. Атап айтқанда, біріншісі бойынша 9 мың адам 93 миллиард қарыз алса, «Баспана хит» бойынша 5 жарым мың азамат 43 миллиард теңгеге несие алған. Ипотека алғандардың ең жасы 24-те екен. Ал ең арзан баспана құны 11 миллион 600 мың теңге. Қуантарлық жайт, ипотека алған осыншама азамат 11 айдың ішінде бір рет те қарызын кешіктірмепті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде