{metadescription}

Көктемгі шақыртумен әскерге барған сарбаз менингококк дертіне шалдықты

Анасының айтуы бойынша, 19 жастағы жігіттің ауруына әскери бөлімшенің қызметкерлері салғырт қараған. 20 сағатқа жуық шыдаған сарбаз соңында тізерлеп құлағаннан кейін ғана, алғашқы көмек көрсетуді бастапты.     

Бала кезінен Ұлттық Қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеуді армандаған Дамир Зекен, отан алдындағы парызын өтеу үшін Мақаншыдағы әскери бөлімшеге аттанған. Алайда, арада көп уақыт өтпестен қиын жағдайға тап болады. 24 мамыр күні анасына сырқаттанып тұрғанын хабарлапты. Бірақ, тәртібі қатаң орында қыңырлыққа салынба деген мамандар сарбаздың дертіне қатты мән бермесе керек.     

Зәуре Қарамұрзина, анасы:

Бұл әскери бөлімшенің қателігі. Оқиға жұма күні болғанымен, бізге тек сенбі күні бірақ хабарлады. Жұма күні таңертең ұлым маған хабарласып, басының ауырып жатқандығын айтты. Мен бірден емделу орталығына баруын талап еттім. Алайда, командирі ме кім екенін білмеймін еркелемей жұмысыңа бар деп кері қайтарып жіберген.

Осыдан кейін, әскери заңға бағынған сарбаз ары қарай күнделікті тапсырмаларын орындауға кіріскен. Сырқаты асқынса да сыр білдірмеуге тырысқан Дамир Зекен, 25 мамыр күні таңертең сұлап түсіпті. Қалалық ауруханаға бірден жеткізіліп, дәрігерлер нақты диагнозын қойып отыр.

Тамара Отағанова, Алматы қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Науқастың шынымен де менингокок дертіне душар болғандығы анықталды. Қазіргі таңда сарбаз түрлі терапиялық ем қабылдап жатыр. Өзімен сөйлескен уақытта, шамамен 20 сағат бұрын дертке шалдыққанын сезген. Мұндай ауруға шалдыққан науқастардың емделу уақыты әртүрлі болғандықтан, нақты қай уақытта толықтай жазылатындығын айта алмаймыз.  

Ал, шекара қызметкерлері сарбаздың мұндай дертке қалай тап болғандығын тексеруге кірісті. Алғашында судан жұқты деген нұсқа болғанымен, мұны бірден жоққа шығарды. Сонымен қатар, бөлімшенің қызметкерлері де жұмыстарын тиянақты түрде жасады дейді.

Қанатбек Сұлтанов, ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы:

Барлық диагноздары алғашында катаральды ангинаға ұқсас болған. Тура сол уақытта 19-да қалай лазеретке келді емдеуге әскери дәрігерлер сарбазды қабылдады. Яғни жаңағы кейбір алып-қашпа сөздерде айтылғандай оны симулянт деп атап, жібермей немесе анда жұмсап, мұндай жұмсап ондай әрекеттердің болмағандығына мен барлық жауапкершілікпен айта аламын. 

Қазіргі таңда өзге де сарбаздар дертке шалдықпас үшін карантин бекітіліп, барлығы қайтадан тексеруден өткізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде