{metadescription}

Президенттер Еуразиялық одақтың ақсап тұрған тұстарын ашық айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы болды. Бұл шешім Еуразия экономикалық одағының саммиті барысында қабылданды. Қазақстаннның Тұңғыш президентін бұл орынға Ресей басшысы Владимир Путин Назарбаевтың аталған ұйымның қалыптасуына қосқан үлесін ескере отырып ұсынды. Одақтың құрылғанына 5 жыл толуына орай Елордада өткен саммитте ортақ экономикалық кеңістіктің ақсап тұрған тұстары да сөз болды....

b>

Бұған қоса бес мемлекеттің көшбасшылары әлемді жайлаған дағдарыстан шығып, алға жылжудың жолдарын талқылады.

Еуразиялық экономикалық одаққа 5 жыл. Ұйымның алғашқы мерейтойлық саммитіне Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрі және бақылаушы ретінде Молдова, президенті, ал Тәжікстан басшысы құрметті қонақ ретінде келді. Мәртебелі меймандарды президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Алқалы жиынның қазақ жерінде өтуі бекер емес. Тарихи құжатқа Елордада қол қойылып, еуразиялық одақ пайда болған еді. Әрі оны құру туралы идеяның авторы Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан оның еңбегін ескерген президенттер Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ету туралы шешім қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Әбішұлына Жоғарғы Еуразия Экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды. Қазақстан атынан аталған бастама үшін Ресей Президентіне жеке және оны бірауыздан қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылығымды білдіремін.

Яғни, Назарбаев бұдан былай да Еуразиялық одақтың жиындарына қатысып, маңызды шешімдерді қабылдауға атсалысады. Осы кезде Беларусь президенті қалжың айтып қалды.

Александр Лукашенко, Белорусь Президенті:

- Назарбаевтың одаққа берері көп. Сондықтан оның білімі мен тәжірбиесін тиімді пайдалануымыз керек.

Лукашенконың бұлай айтуы бекер де емес. Ол бұл жерде Назарбаевтың тәжірибесін пайдалану керек дегенге меңзеп отыр. Өйткені, интеграциялық ұйымның ақсақ тұрған тұстары жетерлік. Әсіресе, тауар айналым көлемі көңіл көншітпейді. Оның үстіне беделді одаққа мүше елдер әлі күнге дейін импортқа тәуелді. Тіпті, азық-түлікке дейін сырттан тасымалдап отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы:

- Біз ет пен сүтті, тіпті әскерилердің киіміне дейін импорттаймыз. Бұл ұят нәрсе. Өйткені мұның бәрін өзімізден шығаруға болады. Нарықты кеңейтіп, ақша табуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға үлкен  мүмкіндіктер бар. Бірақ, мұны да тиімді пайдаланбай отырмыз.

Ал, Сауранбай Жиенбеков қырғыздар миллиардтардың тауарын нарыққа заңсыз кіргізеді деп айыптағандарға мұңын шақты. Шекарада мұндай былық жоқ деген ол, «сенбесеңдер үш жақты бақылау енгізейік деп» ренішін білдірді. Ол көршілес елдерде жұмыс істеп, күн көрген қырғыздардың еңбек өтілі үшін алаңдап отыр. Осы кезде Владимир Путин тығырықтан шығудың жолын ұсынды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Қырғызстан президентімен келісемін. Бұл қиын жағдай. Сондықтан Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің азаматтары бір-біріне келіп, жұмыс істеген кезде еңбек өтілін есепке алып, зейнетақы төлемін аударуды ұсынамын. Бұл барлығына тиімді болар еді.

Енді осы және өзге де ұсыныстар Армения астанасы - Ереванда төрт айдан кейін талқыланбақ. Өйткені, Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің келесі отырысы сонда өтеді. Әрі өзге мемлекеттермен де алыс-беріс пен барыс-келісті ұлғайту жайы назарда. Өйткені Еуразиялық одақ өзгелерден сырт айналу үшін құрылған жоқ дейді президенттер. Тіпті, Еуропалық одақпен де тығыз байланыс орнату қажеттігі айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде