Сәдібек Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті
Түркістанда Президенттікке кандидат Сәдібек Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті. Оның сенімді өкілдері түркі әлемі қасиет тұтатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында насихат жұмыстарын жүргізді.
Автор: Саят Сабдалы
30.05.2019
Тап осы киелі жерден басталған автошеру көне Отырардағы Арыстанбаб кесенесіне дейін жалғасты. Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру алдыңғы орында тұр. Көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуге, шетелдерде тұратын қандастарымыздың атамекеніне оралуына жағдай жасауға баса назар аударылған.
Әзиз Әнетов, Президенттікке кандидат С. Түгелдің сенімді өкілі:
- Қазақстанның нағыз жанашыры, қазақтың дәстүрін, тілін, салтын және де ұлттық спорттарын көркейтіп келеді. Қазіргі кезде бізге керегі ұлтық спортымызды кеңінен насихаттау.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!