Рақымбеков жылыжайларды көбейтетінін айтты
Маңғыстаудың мол мүмкіндігін пайдалана алмай отырмыз. Осы өңірге барған президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков тұрғындармен кездесу кезінде аймаққа тән мәселелерді көтерді.
Автор: Жаңалық Ахаш
30.05.2019
Маңғыстау өңірінде күнделікті тұтынатын азық-түліктің басым бөлігі басқа облыстардан әкелінеді. Соған сәйкес, баға да жоғары. Бұл мәселені шешу үшін ауыл-аймақта жылыжайларды көбейту керек дейді Төлеутай Рақымбеков. Ол бұл саладағы бастамалаларға қазір мемлекеттен жақсы қолдау бар екенін айтты.
Төлеутай Рақымбеков, Президенттікке кандидат:
- Осы жерде түйе шаруашылығы, жылыжайлар, тымшылатып суару арқылы жасауға болады. Осыны ұйымдастыру керек. Ол үшін мемлекет қомақты қаржы бөліп, қолдау жолдарын көрсету керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!