Қосановтың жақтастары жұмысшы жастармен кездесті
Президентікке үміткер Әміржан Қосановтың Солтүстік Қазақстандағы штабының мүшелері жұмысшы жастармен кездесті. Олар кандидаттың сайлауалды бағдарламасы мен оның негізгі бағыттарын Қызылжар жастарына таныстырды.
30.05.2019
«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің өкілі Әміржан Қосановтың аймақтардағы штабтары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ел президенттігіне үміткер Петропавл қаласында жергілікті тұрғындармен бірнеше рет кездескен еді. Облыстық штаб өкілдері бұл жиындармен шектелмей, сайлауалды сипатқа ие тағы бірнеше шараны қолға алған.
Аманжол Зағыпар, Ә. Қосановтың облыстық сайлауалды штабының жетекшісі:
- Бағдарламаларын халыққа таныстырып жатырмыз. Солтүстік Қазақстанның халқы жақсы қабылдап, алдағы уақытта өз таңдауларын жасайды деген ниеттеміз. Жұмыс барысы жақсы, ойдағыдай жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!