Дәния Еспаева субсидия мәселесін шешпек
Адал бәсекелестік алға бастырады. «Ақ жол» партиясының атынан сайлауға түсетін Дәния Еспаева үгіт-насихат жұмыстарын Павлодар облысында жүргізді. Ол кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдегі бірқатар ірі кәсіпорындарды аралады.
Автор: Салтанат Шырынхан
30.05.2019
Былтыр Павлодардағы кабель зауыты 18 млрд теңгенің өнімін өндірген. Негізінен өндіріс ошағының тауар көлемін едәуір ұлғайтуына қуаты жетеді. Тек оған бірқатар кедергілер бар екен. Кандидат осындай ірі кәсіпорындарды мемлекет тарапынан қолдау тетіктерін қайта қарау керектігін алға тартты.
Дәния Еспаева, Президенттікке кандидат:
- Меніңше Қазақстанда өнім шығаратын кәсіпорындарға субсидия мәселесін шешу керек. Екінші мәселе бұлардың алып отырған шикізаты Қазақстандікі. Бірақ оның бағасы Лондон биржасының бағасымен сәйкес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!