{metadescription}

Коммунистер Атырауда мотошеру ұйымдастырды

Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сайлауалды бағдарламасын оның өкілдері батыс жұртына осындай жолмен түсіндірді.

Алдымен Ахметбековтің жақтастары қаланың басты көшелерімен жүріп, партия белсенділері «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Одан соң ерекше шараға ойысып, қала тұрғындарына үгіт парақшаларын таратып, өз кандидатына дауыс беруге шақырды.

Ерболат Дәулетқазиев, ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы:

- Партиямыздың бағдарламасы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Біз қарапайым еңбек адамының мүддесін қорғап, тұрмысын жақсартуды көздейміз. Сондай-ақ, Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде