{metadescription}

ШҚО-да телеарнаға сұхбат берген мұғалімдердің басы дауға қалды

Көкжыра ауылының ұстаздары БАҚ өкілдеріне директордың ақша жинайтынын және балалар орнына онлайн тест тапсыруға мәжбүрлегенін айтып шағымданған. Олардың сөзінше, басшы өзінің жеке шаруасындағы қара жұмысқа да мұғалімдерді жеккен көрінеді. Бірақ білім ошағының басшысы мұның барлығы өзіне жабылған жала дейді. Сондықтан ол сот арқылы әділдік іздеуге көшкен.

Директордың қысастығына ұшырадым дегендердің бірі – Римма Уәлиева. Оның айтуынша, білім ошағының басшысы жоғарғы сынып оқушыларының орнына мұғалімдерді тест тапсыруға мәжбүрлеген. Және де оқу жылында 600 сағат сабақ өткізілмегенін, жеке жұмысына мұғалімдерді жеккенін айтып шағымданыпты. Осы жайттарды журналистерге жайып салғалы бері төбемнен қиқу кетпеді дейді Римма.

Римма Уәлиева, орыс тілі пәнінің мұғалімі:

- Соттан-сотқа сүйреп жүр. Телеарнаға қателестік, жаңылдық деген сияқты айтындар дейді. Телеарна ойыншық емес қой. Мен шындықты айттым.

Бірақ директор мұның барлығы өзіне жабылған жала екенін алға тартады. Тіпті оларды қара жұмысқа салатындай атында шаруа қожалығының да жоқ екенін айтады. Ал мұғалімдердің тест тапсыруы мүмкін емес деп отыр. Өйткені мұның барлығы құзырлы органдардың қадағалауында болады.   

Бауыржан Құнафин, М. Әуезов атындағы орта мектеп директоры:

- Мектептің екі мұғалімі 600-800 мыңнан дейді. Мен олай біреудің ақшасын қалтама салсам заң бар. Егер ол кісілер тексеріп мені кінәлі десе бұл жерде тұрмас едім.

Осылай деген мектеп басшысы өзінің тазалығын дәлелдеу үшін сотқа жүгінген. Қазір ұстаздар сот табалдырығын тоздыруда. Ал аудандық білім бөлімі бұл даудан хабардармыз дейді. Олар жүргізілген қызметтік тексеріс барысында ешқандай олқылық табылмапты.

Самал Дәуітбаева, Тарбағатай ауданы білім бөлімінің басшысы:

- Қосымша білім беру саласын бақылау департаменті келіп тексерді. Бұл кезде берілмеген сағаттар тағы басқа да мәселелер қаралды. Яғни жазылған мәселелер жоққа шықты.

Дегенмен, жергілікті билік директорға қатысты тексерісті қайта жүргізуге шешім қабылдаған. Ал заңды бұзбадым, ешкімнің құқығын таптамадым деген білім ошағының басшысы барлығын сот арқылы дәлелдеп шықпақшы. Бірақ жауапқа тартылып жатқан ұстаздар бұл іске еліміздің құзырлы органдарының араласуын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде