{metadescription}
Бала еңбегін пайдалануға қатысты заң қатаң етілуі мүмкін
Бала еңбегін пайдалануға қатысты заң қатаң етілуі мүмкін

Бала еңбегін пайдалануға қатысты заң қатаң етілуі мүмкін

Еліміздегі балалар омбудсмені осыған қатысты Үкімет пен Бас прокуратураға ұсыныс жолдаған.

Сәуле Айтбаева, Қазақстандағы балалар омбудсмені:  

- Балаларды 14 жастан бастап қандай еңбекке тартуға болатыны Еңбек кодексінде анық жазылған. Олар тек кинематография, цирк өнері және концертке ғана қатыса алады. Онда да ата-анасының рұқсаты керек. Қалған жұмыстарға 15 және одан жоғары жасқа толғанда ғана араласа алады.

Айтбаеваның айтуынша, осы күндері елімізде балалар еңбегін спортта, жарнама мен сән, шоу-бизнесте пайдалану белең алған. Балалар үшін дегенді желеу етіп, үлкендер өз пайдасын көздейді дейді омбудсмен. Соның кесірінен, жеткіншектер білім алудан қағылып жатыр. Денсаулығына қаншалықты зақым келетінін де білмейді. Өйткені кішкентайлардың басында ата-анасына көмектессем екен деген ой ғана бар. Жалпы, биыл жазда 18 жасқа дейінгі 960 мың бала жұмыс істеуді көздеп отыр. Заң бойынша олардың күніне 4-ақ сағат еңбек етуіне болады. Ал балалардың жазғы лагерьлерінің дайындығын осы күні Денсаулық сақтау министрлігі мен Төтенше жағдайлар комитеті және жергілікті атқарушы орындар бірлесіп тексеріп жатыр.

Ержан Ерсайынов, БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы:

- Төтенше жағдайдың немесе денсаулық сақтау талаптарына дайын болмайтын болса, әрине әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бізде былтырғы жылды еске салатын болсақ, осындай 3 лагерь болған. Бірақ ол уақытында анықталып, олардың жұмыстары тоқтатылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде