{metadescription}
Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді
Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді

Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді

Парламенттің жоғарғы палатасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін берді. Ал бұл туралы бастаманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ант беру рәсімінде көтерген болатын. Сенаторлар бұл ұсынысты қолдап, бүгін  бірауыздан тиісті қаулыны бекітіп берді.

Дариға Назарбаева, Сенат төрайымы:

- Бүгін біз үшін біз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құметті Сенатор» мәртебесін беру - Елбасының жаңа Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрмет деп санаймын.

Елімізде бұған дейін «Құрметті сенатор» атағы болмаған. Мұндай мәртебе тек Нұрсұлтан Назарбаевқа бұйырды. Енді Елбасы кез-келген уақытта Сенат отырысына қатысып, маңызды заңдарды талқылау барысында тиісті ұсыныс білдіре алады. Дегенмен, ол өзге депуттатар секілді жалақы алмайды және дауыс беру құқығы жоқ. Сенаторлар Тұңғыш президенттің ақыл-кеңесі қашан да керек дейді.

Әли Бектаев, Сенат депутаты:

- Ақыл, кеңесін пайдалану керек. Соның ішінде Сенаттың өзіне керек. Яғни Елбасы Сенаттың дәрежесін, абыройын, депутаттардың жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.