{metadescription}
«Алау-2019» оқу-жаттығуы өтті
«Алау-2019» оқу-жаттығуы өтті

«Алау-2019» оқу-жаттығуы өтті

Іле Алатауы ұлттық паркінде тағы да алапат өрт! Бұл жолы жалын Алма-Арасан шатқалын шарпыған. Таңда тұтанған өртті ауыздықтауға қаланың құтқару қызметі түгел жұмылдырылды.

Бұл - «Алау-2019» оқу-жаттығуының сценариі. Бүгін шұғыл құтқару қызметі осылайша дайындықтарын пысықтады. Жаттығу жоспары бойынша, Алма-Арасан шатқалынан шыққан өртті орман күзеті бөлімшесінің бақылаушы ұшқышы байқап қалады. Сөйтіп ол дереу 112 және 101 қызметіне хабар береді. Кейін жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтауға кірісті. Сондай-ақ, таулы жердегі тілсіз жауды тоқтатуға авиация қолданылды.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

Оқу шарты бойынша 3 гектарға жайылған өрт аз уақытта ауыздықтандырылды және толығымен жойылды. Соңғы 7 жылда Алматы қаласының таулы-бөктерінде өрт тіркелмеген. Оның бәрі осындай ауқымды іс-шаралар, жаттығу және профилактикалық жұмыстарының нәтижесі деп айтса болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.