Сәдібек Түгел дүниеге келген әр балаға 1 миллион теңге бермек
Көпбалалы аналарға берілетін айлық жәрдемақыны үш есеге көтеру керек. Бұл – президенттікке үміткер Сәдібек Түгелдің бастамасы.
Автор: Саят Сабдалы
31.05.2019
Кандидат балаларды қорғау күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы перзентханаға барып, жас босанған аналармен кездесті. Аналарды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, өз мақсаттары жайында баяндады. Ол көпбалалы аналарды тегін баспанамен қамтуды және оларға берілетін айлық жәрдемақыны үш есеге көтеруді ұсынып отыр.
Сәдібек Түгел, Президенттікке кандидат:
- Әрбір туылған балаға 1 млн теңге беруіміз керек. Екінші бала туғанда 2 млн теңге беруіміз керек. Оныншы бала туғанда 10 млн алу керек. Сонымен қатар, көпбалалы аналарға пәтерді тегін беру жағын қарастыруымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!