Таспихов кадр тапшылығын шешпек
Президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов Маңғыстау облысындағы бюджеттік сала еңбеккерлерінің жалақысын көтеруді көздейді. Мұнай-газ компаниясындағылар олардан 11 есе көп айлық алады дейді Таспихов.
Автор: Саят Сабдалы
31.05.2019
Сондықтан аймақтағы әсіресе денсаулық және білім беру мекемелеріне жас мамандар барғысы келмейді. Маман тапшылығын шешу үшін түрлі мемлекеттік бағдарламалар болғанымен өз нәтижесін әлі толық бермей отыр. Таспихов Маңғыстау облысындағы сайлаушылармен кездесуде еңбекақыдағы аралық айырмашылықты реттеудің жолдарына тоқталды.
Аманкелді Таспихов, Президенттікке кандидат:
- Инвестицияның көлемінен жыл сайын 1 процентті ұлттық кадрларды дайындау керек. Бөлініп те жатыр. Бірақ ең көп жағдайда. Әлі күнге дейін шетел мамандарының үлесі үстем болып отыр. Олай болмау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!