Рақымбеков жастарды ауылда қалдырудың жолын тапты
Жастар ауылды қолдайды! Президентікке кандидат Төлеутай Рақымбековтың өңірлік штабы дәл осындай атаумен арнайы форум ұйымдастырды. Орал қаласында өткен жиында қазіргі жастар мәселесі талқыланды.
Автор: Салтанат Шырынхан
31.05.2019
Ауыл болашағы - ел болашағы. Оны жастарсыз елестету мүмкін емес. Осы орайда кандидаттың жақтастары «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүйелі жүргізу керектігін айтты. Яғни ауыл шаруашылығында еңбек ететін жастардың жоғары білім алуына мүмкіндік жасап, елді мекендердің тіршілігіне жаңа серпін беру қажет.
Болатқали Төлебаев, Президенттікке кандидат Т. Рақымбековтың өңірдегі сенімді өкілі:
- Қала мен ауылдың тұрмысы жақсы болатын болса, бірдей болатын болса біздің жастар ауылдан біріншіден кетпейді. Екіншіден жоғары оқу орындарын, арнайы оқу орындарын бітірген жастар сол ауылға барады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!