Әміржан Қосанов Ақсу қаласына барды
«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан Президент сайлауына қатысатын Әміржан Қосанов Ақсу қаласында жүр. Кандидат халыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Автор: Әсем Қабылбек
31.05.2019
Ақсу – облыс орталығы Павлодардан 50 шақырым жерде орналасқан. Шағын қаладағы өндірістік инфрақұрылымды ферроқорытпа зауыты мен электр станциясы құрайды. Сондықтан болар керекуліктерді экология мен өндіріске қатысты мазалаған сұрақтары көп екен.
Әміржан Қосанов, Президенттікке кандидат:
- Павлодар өңірі индустриалды-өнеркәсіптік өңір ғой. Сондықтан мұнда біршама жұмыспен қамту мәселесі, әлеуметтік мәселе шешілген. Мәселен, мұғалімдердің, ұстаздардың миссиясы мен рөлі туралы, олардың қазіргі жағдайы туралы өте көп сұрақтар қойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!