Еспаеваның жақтастары «Алжир» кешеніне барды
Жазықсыз қуғынға ұшырағандарды ұмытпаймыз. Саяси науқанға қатысып жатқан Дәния Еспаеваның жақтастары Ақмола облысына келді. 31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнін ақжолдықтар «Алжир» мемориалдық кешенінде өткізді.
Автор: Әсем Қабылбек
31.05.2019
«Ақ жол» партиясының орталық аппараты мен сайлауалды штабы көппен бірге қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, тағзым етті. Тіпті, қолдарына «Алаш Орда» қозғалысының қайраткерлері мен репрессияға ұшыраған жандардың портреттерін ұстай келіпті. Олардың бірқатары кезінде солақай саясаттан зорлық-зомбылық көрген жандардың ұрпақтары.
Азат Перуашев, Президенттікке кандидат Д. Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі:
- Менің атам Перуаш Кәрімұлын 23 жаста Алашорданы насихаттаушы ретінде қамап тастады. 1937 жылы оны түрмеде өлтірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!