Тоқаев медициналық қызметті қолжетімді етпек
Әрбір түрғын үшін сапалы медициналық қызметті қалада да, ауылда да қолжетімді етеміз. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында осы міндетті іске асыратынын жеткізді.
Автор: Әсел Тұмашқызы
31.05.2019
Алматыға барған Тоқаевтың жақтастары дәрігерлерімен кездесті. Партия өкілдері цифрлық медицинаны дамыту міндеті тұрғанына назар аударып, саланың ғылыми тұрғыда алға басуына мүмкіндік жасалатынын жеткізді.
Беркін Тұрқұлов, балалар кардиохирургы:
- Медицинаға бөлінетін қаржы ІЖӨ 5 пайызына дейін құрайын деп отыр. Және де ауыл мен қала арасындағы медициналық көмекті көрсетуді бір-біріне теңестіруге мақсат қойып отыр. Сол үшін біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұғырнамасын қолдап, дауыс береміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!