{metadescription}

Тоқаев пен Туск аудармашының қызметіне жүгінген жоқ

Қазақстан Еуропаға тағы да жақындай түсті. Бүгін елімізге әлемдегі ең ықпалды ұйым Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск ресми сапармен келді.

Ақорда Дональд Тусктің сапарына ерекше мән берген. Сондықтан мәртебелі мейманды халықаралық протоколдың ең жоғарғы сән-салтанатымен қарсы алды. Тіпті екеуара кездесуде Тоқаев пен Туск аудармашының қызметіне жүгінген жоқ. Өйткені Қазақстан президенті ағылшын тілінде әріптесімен емін-еркін сөйлесіп, тез тіл табысты. Құрамына 28 мемлекет кіретін Еуропалық кеңес Еуропалық одақтың ең жоғарғы басқарушы органы. Сондықтан Қазақстан дүниежүзіндегі ең ірі халықаралық ұйыммен барыс-келісті, алыс берісті нығайтуға мүдделі. Оның үстіне бұл одақ еліміздің экономикасына миллиардтап қаржы құйып отырған нөмірі бірінші инвестор. Бұдан қалды Еуропалық кеңес Орталық Азиямен байланысты нығайту үшін жаңа стратегиялық құжат қабылдап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Дональд Тусктің орталық азия елдеріне сапарының маңызы айрықша. Бұл құжат және осы сапар орталық азиядағы саяси және экономикалық тұрақтылықты нығайтуда еуропалық тараптың күш жігерін жұмылдыруға дайын екенін дәлелдейді.

Дональд Туск, Еуропалық кеңес төрағасы:

- Еуропалық одақ үшін Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы елдің бірі. Қарым-қатынасымыз ең жоғарғы деңгейде. Осы межені сақтап, әрі қарай да байланысты жандандыра береміз деп келістік. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде