{metadescription}

«Қазагро» холдингі қызметкерлеріне 2 миллиард теңге сыйақы үлестірген

Сенаторларды ұлттық компаниялардың ашкөздігі шошытты. Мәселен, депутаттардың дерегіне қарағанда, бюджет есебінен ауылшаруашылығын дамытуы тиіс «Қазагро» холдингі мол шығынға батқанымен қоймай,  қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беріп отырған.

Нұрлан Қылышбаев, Сенат депутаты:

- 2 миллиарда, 2017 жылы 2 миллиард теңге сыйақы ретінде берілген. Осы кезде холдинг қатарынан екі жыл шығынға батып келеді. Бұған қарамастан сыйақы үлестірілген. Сонда бұл не үшін?

Сенаторлардың мәліметінше, былтыр 27 ұлттық компания шығынға батып мемлекетке бір жарым триллион теңгеге зиян келтірген. Сынға қалған «Қазагро» басшысы болса сыйақы жөнінде мүлдем білмейтінін айтты. Ал бұрын осы холдингті басқарған қазіргі ауыл шаруашылығы вице-министрі асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді.

Рүстем Кұрманов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Аудиторлар мен тәуелсіз бағалаушылар бар ғой. Бұны тексеру керек. Ол жерде «Қазагро» қызметкерлеріне сыйақы беру ғана емес, басқа мәселелер де болуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде