{metadescription}

Автобустардың жылдамдығын төмендету жайлы ұсынысқа жүргізушілер қарсы шықты

Автобустардың жылдамдығының шекті мөлшері тағы да төмендетілмек. Осыған дейін олар қала ішінде сағатына 60, далада 90 шақырымға дейін жүре алатын еді. Енді бұл елді мекенде 50, сыртқы жерлерде 80 болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бірлесіп жасаған Жол картасында осындай жаңалық бар. Бұл қос министрліктің жол апатын азайту үшін жасап жатқан әрекеті. Оған жүргізушілер не дейді?

Елімізде жыл сайын автобустарға қатысты 500-ге жуық жол апаты болып, соның салдарынан ондаған адам көз жұмады. Жарақат алатындар 700-ден асады. Қауіптің қайдан екенін ресми орындар жақсы біледі. Әсіресе, арагідік жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалардың қолданыстағы автобустары сын көтермейді. Адам көп сиюы үшін ішін қалай болса солай өзгертіп алады. Мұндай олқылықтар елде мыңдап саналады екен.

 

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

 

2018 жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде 37 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Биыл 7 мыңнан асты. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтпейді, еңбек және демалыс режимдерін сақтамайды.

Мынау елордада наурыз айында болған жағдай. Екі адам ажал құшып, 30-дан аса жолаушы зардап шекті. Бір ай өткенде Жамбыл облысы, Қордай ауданында тағы жол апаты. 11 адамның өмірін жалмады. Жолда келе жатқан автобус алдында соғысқан екі көліктен қашам деп аударылған. Ішкі істер министрлігі мұндай сұмдықтың алдын алу үшін автобустардың жылдамдығын шектегісі келіп отыр.

 

Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:

 

- Автобустардың жылдамдығын елдімекен ішінде сағатына 50 шақырымға дейін, сыртқы тасжолдарда сағатына 80 шақырымға дейін азайту қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта олардың жылдамдықты қала ішінде 60, сыртта 90-ға дейін апара алады.

Мұндай жаңалықа тараздық жүргізушілер миығынан күліп отыр. Мына автобустарымен Бішкек, Алматы, Шымкент – сан тарапқа апарады. Бірақ сексенмен жүрудің оларға арба жеккен есектен айырмашылығы жоқ. Басты қорқыныш бұл емес. Бұлай баяу жүретін болса, автобусқа адам мінбей қалады, бәрі таксиге көшеді деп қорқады.

 

Сәдуақас Мұсылманқұлов, автобус жүргізушісі:

 

- Сексенмен жүрсек жолаушылардың бәрі қашып кетеді. Құрығанда 110-мен жүруіміз керек, 110 жақсы жылдамдық. Жолаушылардың өзі тезірек жүр деп сұранады.

Ішкі істер министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Елімізде 90 мыңнан астам автобус болса, соның жартысынан астамының қолданылу мерзімі 15 жылдан асып кеткен, ескі. Сондықтан автобустардың қолданылу мерзіміне де шектеу қою көзделіп отыр. Бұл әзірге жоба күйінде ғана, алдағы уақытта қоғамдық талқыға түспек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде