{metadescription}

Баланы алты жастан мектепке беру жайлы талап үлкен дау туғызды

Ақтөбеде ата-аналар баласын алты жастан мектепке беруге қарсылық білдірді. Олар дайындық сыныбынан өтпеген оқушы бағдарламаға ере алмайды ма деп алаңдайды. Сондықтан жетіге дейін баланы балабақшада қалдыруды талап етіп отыр. Бірақ мұнымен жергілікті білім басқармасындағылар да, министрліктегілер де келіспейді. Олар баланы алты жастан мектепке апару жыл басында күшіне енген заң бойынша міндеттелгенін, сондықтан оны орындамағандарға айыппұл салынатынын айтты.

Қазір Ақтөбедегі балабақшаларда алтыға толған балаларды шетінен шығарып жатыр. Олар биыл қыркүйекте мектепке баруға міндетті. Бірақ бұған ата-ана қарсы. Мектеп алды даярлықтан өтпеген оқушы бағдарламаға ере алмайды деп алаңдайды.

Бақытгүл Жиенбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Балаларды шығарамыз бірінші класқа бару керек деді. міндетті түрде деп. Біз қарсымыз. Балаларымыз дайындық тобынан өткен жоқ қой. Дым білмейді. Баламыз әлі кішкентай ғой.    

Қазір баласының алты жастан мектепке барғанын қаламайтын кейбір ата-аналар білім басқармасына арыз жазып жатыр. Бірақ ондағы басшылар жыл басында күшіне енген заңнан аттап кете алмаймыз дейді.

Саян Сүлейменов, Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысы:

- 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап білім туралы заңға өзгеріс енгізілді. Өзгеріске сай алты жасқа толған бала мектепке баруы керек. Сол заңға сүйеніп жіберіп отыр.

Білім министрлігіндегілер алты жасар балаға бірінші сыныпта күш түспейді деп сендіріп отыр. Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беру әдістері жеңілдетілген көрінеді. Ал баласын мектепке жібермей, қарсы шыққандарға шара қолданылады.

Эльмира Суханбердиева, Білім және ғылым вице-министрі:

- Мүлдем балабақшаға бармаған, дайындық сыныбынан өтпеген балаға да бірінші сыныпта оқудың еш қиындығы болмайды. Себебі жаңартылған оқу бағдарламасы оқушыға күш салмайды. Оқу мен жазуды үйретеді. Мен де былтыр алты жасында ұлымды мектепке бердім. Ана ретінде түсінемін. Егер сабаққа жібермесе сол ата-анаға ескерту айтылып, айыппұл да салынады.

Енді білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздегі барлық мектеп пен балабақша жанынан жазғы дайындық крусы ашылады. Онда алты жастағы балалар бір ай бойына сабақ оқитын болады. Бірінші сыныпқа баруға осы курстың өзі жетіп жатыр дейді вице-министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.