{metadescription}

Италияда жол апатынан зардап шеккен отандасымызға елде ота жасалды

Италияда жол апатынан зардап шеккен екі отандасымыз санавиациямен елге әкелінді. Омыртқасы, қабырғасы мен бұғана сүйегі сынған бір әйел қазір № 7 Қалалық клиникалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Оған тиісті тексерулер жүргізіліп, ота жасалды. 

Италияда аударылған автобуста Қазақстанның 9 азаматы болғанын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Сол сәтте 7-еуі қонақүйге жайғастырылып, ал екеуі ауыр жағдайда Сиена қаласының ауруханасына жеткізілген. Жалпы, өткен аптада болған осы оқиға салдарынан бір ресейлік қаза тапқан еді. Қазір жерлестеріміздің бәрі де елге оралған болуы мүмкін. Өйткені саяхаттары 26 мамырда аяқталған. Ал ауруханада жатқан екі отандасымызды еліміздің сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, санавиациямен алдыртты. Дәрігерлер 69 жастағы әйелге ота жасалып, ол жан сақтау бөлімінде ем қабылдап жатқанын айтты.

Есенай Еспенбетов, 7 Қалалық клиникалық ауруханасы жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Сол жақ өкпе қуысына ота жасадық. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты ауыр. Есінде. Сөйлеп жатыр. Керекті емшараларының бәрі жансақтау бөлімінде өткізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде