{metadescription}

Таразда шатыры жанып кеткен үй тұрғындары әлі жылап жүр

Тараздағы шатыры жанып кеткен көпқабатты үй тұрғындары әлі баспаналарына кіре алмай жатыр. Себебі пәтерлерді ыс басқан. Сондықтан онда тұру мүмкін емес. Мұның үстіне нысан толықтай коммуналдық қызметтен ажыратылыпты. Қазір тұрғындардың көбі туыстарын жағалап кетсе, кейбірі мектептерге жайғастырылған.

Кеше күн бата бүкіл тараздықтардың назары «Қарасу» ықшам ауданына ауды. Мұндағы көп қабатты үйдің шатырынан өрт шығып, тұрғындарды әбден састырды. Жанұшыра айғайлаған жұрт әзер дегенде далаға қашып үлгерген. Төтеншеліктердің мәліметінше, 171 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның 42-сі балалар. Құдай сақтағанда зардап шеккендер жоқ.

- Не сулары жоқ. Атасының басын бітіріп тұр ма? Шатырдың жанып жатқанына төрт сағат болды ғой. Әлі өшірген жоқ үйдің бәрі жанып бітетін болды ғой.

Қызыл жалын лезде күш алып, әп-сәтті нысанның төбе жабындысын күлге айналдырды. Жұрттың жүйкесінің сыр беруі бекер емес. Себебі от баспаналарға түсе ме деген қауіп болды. Ал өртті өршіткен битум. Шатыр астындағы қара майды сөндіру оңай болмады. Дегенмен жалын үш жарым сағатта әзер ауыздықталды. Алайда тұрғындар үйлеріне сонда да кіре алмаған. 

Мұрат Абдиманапов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Үйдің бәрі ыс сасып кеткен. Кішкентай бала шағамыз бар. Бұған енді қандай көмек болады. Әкімдіктер қайда?

Шулаған бұқара таңнан бері осында жүр. Тіпті кейбірі рәсуа болған дүниесін жинап кетіп жатыр. Әзірге кімнің қанша шығынға батқаны белгісіз. 

Үйдің төбе жабындысы түгел жанып кеткен. Қазір өртенген аумақты қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Сондай-ақ айта кететін жағдай. Жұрттың жанына батқаны: баспаналарға от тимегенімен, төтеншеліктердің суы үшінші қабатқа дейін аққан. Соның салдарынан жиһаздар, тұс қағаздар, көрпе-төсек малмандай су болған. Осылайша шығынға баттық деген бұқара өтемақы беруді талап етіп отыр. 

- Міне әлі ағып жатыр.

- Сіздер жөндеу жұмыстарын жүргізіп пе едіңіздер?

- Ия, былтыр 1 млн. теңгеге. Несие алғам.

Алайда жұрттың бұл талабы орындалмайтын тәрізді. Оқиға орнына келген қала әкімінің өзі бұған қатысты тұшымды жауап бере алмады.

Қайрат Досаев, Тараз қаласының әкімі:

- Ештеңе айта алмайын. Қолыма құжат түскен жоқ. Тексереміз, акт болады. Содан кейін айта аламыз.

- Пәтерлер зақымдалған екен, ақша беріле ме сол кісілерге?

- Айта алмаймын оның бәрін комиссия шешеді. Ең бірінші жұмыс шатырды жабу.

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Оны мамандар анықтауда. Ал зардап шеккен 170 тұрғынға жақын маңдағы мектептерден, жатын орын қарастырылып, сол жерде ас-су беріліп жатыр. Айта кетейік, шатыры өртенген үй 4 жыл бұрын жөндеуден өткен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде