Ахметбеков социализм идеясын дәріптеді
Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбеков семейлік сайлаушылармен кездесті.
Автор: Досжан Маратұлы
03.06.2019
Мәдениет үйінде өткен жиында үміткер өзінің бес бағытқа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, кейін жұрттың сұрақтарына жауап берді. Айтуынша ең алдымен байларға салықты арттырып, кедейлікпен күреспекші. Қоғамда барлығы тең дәрежеде өмір сүру керек деген ол, капитализм мен социализмнің айырмашылғына да тоқталды.
Жамбыл Ахметбеков, Президенттікке кандидат:
- Соның ішінде біздің бағдарламаға сәйкес социализм құру идеясы. Біз халыққа бұрылған қоғамдық формацияны қолдайтынымызды айта отырып, социализм бағыты қазіргі кезде xалыққа ең тиімді жүйе екенін ескертеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!