{metadescription}
Алматы облысында жұрт карьердің жұмысын тоқтата алмай жүр
Алматы облысында жұрт карьердің жұмысын тоқтата алмай жүр

Алматы облысында жұрт карьердің жұмысын тоқтата алмай жүр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында 30-дан аса отбасы 10 жылдан бері тас-құм шығаратын карьердің жұмысын тоқтату үшін күресіп келеді. Айналасы ойдым-ойдым шұңқыр болғандықтан, ол күн өткен сайын тұрғындардың зәресін ұшыруда. Себебі, былтыр ғана қазылған карьерге бір жеткіншек құлаған. Жайлы өмір сүру үшін қаладан жырақтаған тұрғындар енді жанымызды шүберекке түйіп отырмыз дейді.

Гүлдана Қасымованың бұл ауылға көшіп келгеніне он жылға жуықтаған. Тереңдігі 100 метрге дейін жететін ойдым-ойдым жерлер көрген көздің үрейін қашырады дейді. Осыған байланысты балалардың да еркін ойнауы мүмкін емес. Төрт баланың анасы қоршауы жоқ карьерлерден балаларды өзім сабаққа ертіп апарамын дейді. 

Гүлдана Қасымова, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

- Мектеп салынғанан кейін-ақ, бір ай болмай карьер қазылды. Былтыр көршіміздің қызы шұңқырға түсіп аман қалды.

Мәселенің көтерілгеніне он жылдан аса уақыт өтсе де тас-құм шығаратын компанияларды тоқтату мүмкін болмай отыр. Тіпті, арнайы келісім-шарты жоқ «Аман авто» қызметкерлері де рұқсатсыз қазып жатқан көрінеді. Осы мәселеге байланысты прокуратура мен әкімдік өкілдері бүгін халықпен кездесіп шешімін бірге табуға келісті. Енді аумақтағы барлық карьерлер тексерістен өткізілетін болады.

Айбек Нұрланов, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі:

- «Аман автоның» ешқандай келісім-шарты жоқ. Оны заңсыз қазып жатыр деп ойлаймыз. «Аман автодан» басқа бұл жерде «АДСК» бұрыннан істеп келе жатыр.   

Әкім мырзаның жұмысы тоқтатылды деген карьерге де көз жүгірттік. Алайда мұнда қалыпқа келтірудің орнына, керісінше ауыр техникалардың әлі де жұмыс істеп тұрғанына куә болдық. Осылайша жан-жағы шұрық тесікке айналған ауылдың енді прокуратураның қорытындысын күтуден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде