{metadescription}
Тоқаев жамбылдық шенеуніктерді сынға алды
Тоқаев жамбылдық шенеуніктерді сынға алды

Тоқаев жамбылдық шенеуніктерді сынға алды

Жамбылда мал ұрлығы ең өзекті мәселенің біріне айналған. Өткен жылдың өзінде 5 жарым мың төрт түлік қолды болған. Және аймақта есірткі бизнесі өршіп тұр.

Бұл жайттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты алаңдатып отыр. Өңірде жұмыс сапарымен болған Мемлекет басшысы осы салаға жауаптыларды өткір сынға алды. Оның айтуынша, қарақшылық пен есірткі саудасымен күресуде жауаптылар дәрменсіздік танытқан. Осылайша шенеуніктер мен полиция департаментінің басшысы Тоқаевтан сөз естіп тынды. Мемлекет басшысы өңірдегі өндіріс ошақтары мен мен мәдени орындарын  аралап болған соң, зиялы қауым мен жергілікті билік өкілдерімен жүздесті. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев атқамінерлерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Олардың ең өзектісі – халықты жалақымен қамту жайы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Азаматтардың табысы лайықты жалақы төлейтін жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты. Қазір әрбір еңбекке жарамды әрбір үшінші тұрғын өзін-өзі қамтыған. Олардың табысы жоғары деп айту қиын. Сондықтан барлық деңгейдегі әкімдерге осы мәслені ескертемін. Сіздердің басты міндеттеріңіз жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.