{metadescription}
Атырау облысында ұсақ малдың  қырылуына не себеп?
Атырау облысында ұсақ малдың  қырылуына не себеп?

Атырау облысында ұсақ малдың  қырылуына не себеп?

Атырау облысында енді ұсақ мал қырылып жатыр. Асыл тұқымды еділбай қойларын өсірумен айналысатын шаруа қожалығындағы өлім, төлдеу науқаны кезінде басталған. Сол уақыттан бері мыңдаған бас шығын болыпты. Мал дәрігерлері мұны тоқтату үшін барынша тырысқандарымен, әзірге нақты диагноз да қоя алмай жатыр.

Қойдың қырылуы Құрманғазы ауданынан 300 шақырым қашықтықтағы серіктестікте тіркелген. Наурыздан бастап өлген саулық пен қозы саны 2000-нан асып жығылады. Жайлауға әлдеқашан көшуі тиіс малшылардың ауру айналаға тарамасын деп, қазір әлі қыстауда отырған жайы бар.

Руфолла Есқалиев, малшы:

- Аурудың белгілері – бастары, қолдары бөртіп кетеді. Сосын қызу пайда болады. Бір-екі-үш күнде өледі. 800 қойым бар еді, соның тең жартысы өліп болды. Әлі де өліп жатыр.

Малшылар қойлары баудай түсе бастағанда-ақ, аудандағы басшылық пен мал дәрігерлеріне хабар берген. Олар арада ай өткізіп барып, Шопан ата төлі «күл» немесе «шешек» ауруынан қырылып жатыр деп диагноз қойып, ем-дом жасапты. Яғни, отар-отар қойға түгелдей екпе жасалыпты. Бірақ, одан ауру тоқтамақ түгілі, сау мал өле бастаған.

Қалих Сейітжанов, мал дәрігері:

- Сау мал, да, ауру мал да егілді. Сау малдың бәрі сол дәрінің кесірінен өліп қалды. Шығын көп болды.

Шаруалар өз қаражаттарына 36 мың доза екпе, 200 литрге жуық дезинфекция жасауға қажетті сұйықтық сатып алған. Алайда, мал өлімі әлі де тоқтар емес. Олардың есептеуінше, қазірдің өзінде келген шығын көлемі 60-70 миллион теңгеге жуықтайды. Сондықтан, тиісті орындардан қойды жаппай қырып жатқан ауруға нақты диагноз қойып, көмек қолын созуды сұрайды.

Бауыржан Исақұлов, шаруа қожалығының басшысы:

- Бізге мемлекет тарапынан ешқандай қолдау көрсетіліп жатқан жоқ. Ветеринария бөлімі бізден қан алды, облысқа мақұлдатып Астанаға жіберілген. 2 айдан кейін таза деген жауап келді. Бірақ біздің малдың диагнозы күні бүгінге әлі анықталмай отыр. Құзырлы органдар осыны хабарлап, мүмкіндігінше бізге дотация, болмаса өтемақы төлеп көмек етсе деген ойым бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер болса, жағдайдың бақылауда және аса қауіпті бір аурудың жоқ екенін айтып, малшыларды сабырға шақырып отыр. Және малдың неден өліп жатқандығы да әзірге анықталмапты. Олардың дерегінше өлген мал әлдеқайда аз. 800 бас қана дейді.

Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

- Тағы да қосымша жер-су соларды тексеру жұмыстары өткізіліп жатыр. Қыстан мал қысылып шығады. Иммунитеттің әлсіреуіне малдың дұрыс азықтанбауына байланысты.

Еділбай қойын өсіретін зауыт – облыстағы ең ірі шаруашылық саналады. Мұндағы жалпы мал басы 17 000-ға жуықтайды. Мемлекетке жылына 25 млн теңге салық төлеп, 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған серіктестік басшылары жылдап өсірген малдан, бірнеше айда айрылып қаламыз ба деп қауіптеніп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.