{metadescription}
Алматы әуежайының күту залына орындықтар қайтадан қойылатын болды
Алматы әуежайының күту залына орындықтар қайтадан қойылатын болды

Алматы әуежайының күту залына орындықтар қайтадан қойылатын болды

Жолаушылар мен оларды күтіп алып, шығарып салатын адамдарға арналған орындарды таксистер мен баспанасы жоқ адамдар жайғасып алады деген себеппен орындықтар алынып тасталған еді. Сондықтан жұрт шабандандарына отырып, рейстерін күтуге мәжбүр болды.

Саясат Қабжанов:

- Мынау орындықтарды алып тастағаны дұрыс емес. Біз сияқты қарияларға керек еді.  

Алайда, әуежай әкімшілігі екі күн өтпей райынан қайтып, орындықтарды қайта орнататын болды. Бұған егде және балалы жолаушылардың наразылығы себеп болған. Ұшақтың ұшуы мен қону уақыты нақты болғандықтан, бұл орындықтар жолаушыларға қатты бір қажеттілік тудырмайды деген әуежай қызметкері, қазір онлайн тіркелудің де бар екендігін алға тартты. Ұшаққа мінетін талон алған соң өзге зоналарда еркін демалуларына болады дейді.

Наталья Соколова, Алматы халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:

- Біз екі күндік тәжірибиені сараладық. Осыған байланысты екінші қабаттағы жалпы зонаға 40 орындық қоямыз. Мұнда қарт кісілер мен баласы бар әйелдердің еркін отыруына болады. Қалған зоналардағы орындықтардың ешқайсысы алынбаған. Сол себепті, жолаушыларға алаңдайтын дәнеңе де жоқ.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде