74 жастағы қария кішкентай қызды зорламақ болды деген күдікке ілінді
Ақтөбеде азғындыққа барған қария ұсталды. 74 жастағы күдікті 5 жасар қызға ерсі қылып көрсетіпті. Бүлдіршінді тәттімен алдап, ұятты жеріне қол жүгірткен көрінеді. Бұл сұмдықты көршілері көріп, тәртіп сақшыларын шақырған.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.06.2019
Қала шетіндегі Нұр-Ақтөбе ықшамауданының тұрғындары түстен бері дүрлігіп жүр. Осы аулада тұратын жетпістен асқан қарттың азғындығына бірі лағнет айтса, енді бірі сене алар емес. Ал күдікті ойнап жүрген бес жасар қызды тәттімен алдап, үй қуысында аймалап отырған жерінен көршілері ұстап алған.
- Мынау зорлайын деп жатыр. Дамбалына қолын салып жіберген. Чупа-чупс алып берген..
Қарттың азғын әрекетін көшеде кетіп бара жатқан көршісі мен балконда тұрған келіншек байқап қалады.
Ақтоты Боташова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Балконнан менің танысым көрген. Ол шыққан. Екеуі ер адамға әлі келмейді ғой. Жан-жағыма қарадым да таныс лифтерді шақырдым дейді. Сосын үшеуміз ұстап, сол жерден бір жігітке полиция шақыр депті.
Оқиға куәгерлері күдіктінің ішіп алғанын айтады. Оқиға орнында сыра бөтелкелері жатыр. Қазір күдіктіні тергеуді бастаған.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- 1945 жылы туылған қала тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізді. Қылмыстық кодекстің 124 бабына сәйкес қылмыстық іс басталды. Тексеру жүріп жатыр.
Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалай екені белсіз. Ол туралы құзырлы органдар тіс жармай отыр. Ал ата-анасының да ешкіммен сөйлескісі жоқ. Дегенмен, тұрғындар осы ауданда балаларды тәттімен алдап, үйіне шақыратын зейнеткер туралы сыбыс бұрыннан айтылатын дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!