Тоқаев: Шетелдік және отандық жұмысшыларға бірдей жалақы төленсін
Атырауға жұмыс сапарымен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені көтеріп, жергілікті басшылық пен Үкіметке соны реттеуді тапсырды.
04.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол бермеу керек. Білікті мамандарды алаламай, лайықты жалақысын төлеу керек.
Сондай-ақ, Президент Атыраудағы мұнай алпауыттары – «НКОК» пен «Теңізшевройл» қазақстандық компаниялардың шетелдіктермен тең дәрежеде жұмыс істеуіне көңіл бөлмейтінін айтты. Яғни, қазақстандық компанияларға құны 20 миллион доллардан асатын сатып алу жұмыстарына қатысуға рұқсат етілген. Бірақ олар бұл межеден әлдеқайда төмен деңгейде дейді Тоқаев. Мемлекет басшысы Жайықтың су қорын молайтып, қалыпқа келтіру үшін ресейлік мамандармен тығыз-қарым қатынаста жұмыс істеу керектігін де ескертті. Және атыраулықтарды алаңдатқан басты жайт – балықтың жаппай өліміне қатысты мәселеге тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар жыл өткен сайын азайып барады. 2012 жылы бекіре аулауға тыйым салдық, соған қарамастан бекіре 2 есеге, шоқыр екі есеге азайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдік бұл мәселеге басты назар аударып, Атыраудағы балық шаруашылығын қайта жаңғырту қажет, бұл салаға инвесторлар тарту қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!