Батуттарды бақылау әкімдіктерге жүктелмек
Ал, үрмелі ойын алаңының жұмысын реттейтін ереже бір апта ішінде дайын болуы керек.
Автор: Әсел Тұмашқызы
04.06.2019
Оны әзірлеу индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелген. Негізінен батуттардың көлік жолдарының бойында және электр сымдарының астында құрылмауы басты назарға алынады. Тиісті ереже бекітілсе, осы кезге дейін бақылаусыз келген батуттарға әкімдер басымен жауап бермек. Айта кетейік, екі апта бұрын Қарағандыда жел ұшырып батут астында қалған 11 жасар бала қаза тапқан еді. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, батут иесі боп табылатын Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы қызметкері Ерлан Тәкішев 2 айға қамалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!