{metadescription}
Бассейндегі қазадан соң қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Бассейндегі қазадан соң қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бассейндегі қазадан соң қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Елордада бассейнде суға батып өлген қаршадай қыздың қазасынан кейін еліміздегі жазғы лагерьлерде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Ал қайғылы оқиға болған бас қаладағы ойын-сауық орталығының құтқарушылары мен лагерь жетекшілеріне полицейлердің сұрағы көп.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

Ойын-сауық орталығының құтқарушылары қайда болды, неге сол мезетте шара қолданбады деген  сұраққа жауап іздеп жатырмыз. Әрине, сол балалар демалысын ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылып отыр.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары бүкіл бейнебақылау камераларының таспаларын тексеруге алған. Оқиғаның мән-жайы мен кімге қандай шара қолданылатыны енді сол тергеудің қорытындысынан кейін белгілі болады. Айта кетейік, №10 мектеп-гимназиясының бірінші сыныбын бітірген 8 жасар қыз бала кеше бассейндегі суға тұншығып көз жұмған еді.  Марқұм мектеп жанындағы лагерьдегі өзге оқушылармен бірге Хан Шатыр сауда, ойын-сауық орталығының бесінші қабатындағы жағажайға демалуға барған. 200-дей оқушыға 24 тәлімгер бас-көз болғанына қарамастан кішкентай қызды ешкім құтқара алмады. Полицейлер «балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал осы оқиғадан кейін Білім министрлігі де талапты күшейтпекші.

Күләш Шәмшидинова, Білім және ғылым министрі: 

- Мұғалімдеріміздің жауапкершілігі мен балалардың қауіпсіздігін күшейтеміз. Яғни, жауапты адамдарды қайта жинап, мұндайда не істеу керектігін қайталап түсіндіреміз. Жалпы, жазғы демалыс алдында қауіпсіздік ережесі бойынша мүмкіндік бар жерлерде балаларды жүзуге үйрету керек. Оны да анықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.