{metadescription}
ШҚО жұрты тегін медициналық көмек алды
ШҚО жұрты тегін медициналық көмек алды

ШҚО жұрты тегін медициналық көмек алды

Еліміздің дәрігерлері өңірлерді аралап жұртқа кешенді медициналық көмек көрсетуде. Әсіресе, олар балалар мен зейнеткерлерді және туған-туысы жоқ жалғыз қалғандарды басты назарға алған. Шығыс Қазақстан обылысына келген дәрігерлер қызметі тегін. Ал былтырдан бері «Дегдер» және «Асар Береке» қорлары мен Қазақстан-Рессей медицина университеттері бірлесіп жаңа жобаға қарқын қосты.

Елімізді аралап жүрген медициналық жәрдем окулист, педиатр, лор, хирург, психиатр, кардиолог сияқты мамандардан жасақталған. Ал, аталмыш дәрігерлер бұл балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ауадай қажет. Себебі, мұндағы 86 баланың ақыл-ой кемістігі бар. Сондықтан олар жеткіншектерге кешенді диагностикалық көмек көрсетіп, педагогтарға кеңес берді.

Бақытгүл Әйтімова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

- Бізге келген дәрігерлердің барлығы білікті мамандар. Балаларды қажетті медициналық тексерістен өткізіп алдық. Бұндай жобаны қолға алған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

Білікті дәрігерлер осы кезге дейін еліміздің 74 нысанын аралап үлгерген. Оның ішінде қарттар үйі де бар. Сапарға шыққан ақ халаттылар медициналық тексеруді толықтай тегін жүргізуде.

Әділжан Хамзин, медицина ғылымдарының докторы:

- Мұндай медициналық тексерулер аурудың алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, жастар арасында жүргізілгені өте дұрыс. Өйткені, олардың басым бөлігі аңғармай қалып жатады. Сондықтан осындай жобалар арқылы анықтап, уақытында ем-дом жүргізе аласың. Енді, біз бұл бастаманы келесі жылы да қайта қолға алатын боламыз.

Қазіргі уақытта дәрігерлер тобы еліміздің кез-келген өңіріне баруға тас-түйін дайын. Заманауи медициналық құралдары да сақадай сай. Шараға атсалысқан дәрігерлер, «Асар-Береке» қоры мен Қазақстан-Ресей медицина университеттері бірлескен бұл жаңа жоба, денсаулық сақтау саласы үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде