{metadescription}
Сайлау учаскесін анықтай алмай жүргендер қайда хабарласады?
Сайлау учаскесін анықтай алмай жүргендер қайда хабарласады?

Сайлау учаскесін анықтай алмай жүргендер қайда хабарласады?

Сайлауға 4 күн қалды. Ал тұрғындар арасында әлі күнге дейін өзінің сайлау учаскесін анықтай алмай жүргендер де жоқ емес. Сол күні  тұрғылықты мекен-жайы бойынша дауыс бере алмайтындар 8-ші маусымға дейін тізімнен шығару туралы талон алып үлгеруі тиіс.

Егер сіздің сайлау күні тұрғылықты жеріңіз бойынша дауыс беруге мүмкіндігіңіз болмаса алдымен сайлау учаскескеңізден тізімнен шығару туралы талон алуыңыз керек. Сол қағаз бен куәлігіңізді алып жақын жердегі сайлау учаскесіне тіркелгеннен кейін ғана таңдау құқығына ие боласыз. Тізімнен шыққаны жайлы талоны жоқ азаматтар дауыс беру мүмкіндігінен айырылады. 

Азат Құдайбергенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкім апаратының қызмет көрсету сапасын сақтауды бақылауды және цифрландыру бөлімінің бас инспекторы:

- Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қала әкімдігі 6 сервис ұсынады. Біріншісі astanagov.kz интернет ресурсы, мобильді қосымшасы смарт астана, телеграм чат-бот, ватсап мессенджері, инстаграм, әлеуметтік желісі 109 бірыңғай колл-орталығына хабарласып білуге болады.

Ата заңда көрсетілгендей жасы он сегiзден асқан азамат дауыс беруге құқылы. Тек таңдау жасау үшін жеке куәлік немесе төлқұжат болуы тиіс. Ал саяси доданың ашық әрі әділ өтуін президенттікке кандидаттардың сенімді өкілдерімен бірге шетелдік бақылаушылар қадағалайды. 

Мерей Шәменов, Нұр-Сұлтан қаласы №3 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:

- Бұл кабиналар стандартқа сәйкес. Бұл жерлерде дауыс береді. Және биылғы жылдың ерекшелігі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабиналар бар. Көзі нашар көретін, есту қабілеті төмен адамдарға арналған.

Демек, сайлау тарихында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар учаскелеріне бара алады. Әр учаске мүгедектердің емін-еркін келіп-кетуін қамтамасыз етпекші. Тіпті 9-шы маусым күні әйгілі былғары қолғап шебері Генадий Головкиннің кезекті боксын үлкен экраннан көрсету үшін арнайы зал дайындап қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде