{metadescription}
Арбаға таңылған жігіт елден көмек сұрады
Арбаға таңылған жігіт елден көмек сұрады

Арбаға таңылған жігіт елден көмек сұрады

Арбаға таңылған Ақтөбе облысының тұрғыны Нұрбол Дүйісовке көмек қажет. Оның жамбас сүйегінің ұршық майы кеуіп қалған. Оны қалпына келтіруге отандық дәрігерлер қауқарсыз. Өйткені, операцияны жүрегі мен бүйрегі көтермейді екен.

Арбаға таңылса да Нұрбол Дүйісов қарап отырмайды. Қазір Шалқар қаласындағы жастар ресурс орталығында еңбек етеді. Аудандағы қоғамдық шаралардан қалған емес. Әйтсе де, сырқаты сыр берген сайын далаға шығуы мұң. Сегіз жыл бұрын бүйрегі ауырғанда таяққа сүйеніп жүрген. Соңғы үш жылда аяғы өзіне көнбей, жамбастан төмен қозғалмай қалыпты. Ал ұршық майының орнына отандық дәрігерлер эндро-протез салып бермек болған. Бірақ оған жүрегі мен бүйрегі жарамай қалыпты. Енді тек Германияда арнайы дәрі егу арқылы Нұрболды жазуға болады. Ол ем 9 миллион теңге тұрады. Бар үміті жомарт жандарда.

Нұрбол Дүйісов, Шалқар қаласының тұрғыны:

- Германияда жамбастағы ұршық майын қалпына келтіру үшін инъекция жасалады екен. Сол шипаға қол жеткізу үшін баршаңыздан қаржылай көмек беруіңізді сұраймын.

Халық банк:  5483 1919 3210 2884.

Киви әмиян:  8 701 453 43 43

Каспий голд 5169 4931 2032 3053

ЖСН 8807 2540 0218

Сұрақтар бойынша: 8 776 523 93 53

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.