{metadescription}
Атаулы әлеуметтік көмек еліміздегі ажырасқандардың санын арттыруы мүмкін
Атаулы әлеуметтік көмек еліміздегі ажырасқандардың санын арттыруы мүмкін

Атаулы әлеуметтік көмек еліміздегі ажырасқандардың санын арттыруы мүмкін

Себебі, ерлі-зайыптылар мемлекет тарапынан берілетін ақшаны алу үшін әдейі ажырасуға дайын. Толыққанды емес жанұяның тізіміне іліну тығырықтан шығудың жолы емес. Сондықтан көмек барлық көпбалалы отбасыларға теңдей болса дейді қоғамдық ұйымдағылар.

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығы 1 айдан бері көпбалалы аналарға қолдау көрсетеді. Орталық үйлестірушісі тиісті министрлікке барлық отбасыға жәрдемақыны жаппай беру жөнінде ұсыныс жасамақ. Оның айтуынша, әлеуметтік атаулы көмекті алу үшін кейбірі құжат жүзінде отбасының шырқын бұзуға әзір.

Зүлфия Байсақова, «Бақытты отбасы» орталығының үйлестірушісі:

Әлемдік тәжірибеге қарасақ, жағдайы төмен отбасыға берілетін жеңілдіктер тығырықтан шыққанша көрсетілетін қолдау. Ал біз халықты уақытша көмекті алуға өзіміз жан-жақтан итермелеп отырмыз. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмек көп балалы отбасының табысына қарамастан барлығына теңдей берілуі тиіс.

Күн сайын 15 адам құқықтық көмекке жүгінеді екен. Арасында ажырасқандар бар. Жолдасы 40-50 мың теңге табатын қыз-келіншектер жалғызбасты аналардың алатын ақшасын естіген соң, ашық айтпаса да «құйтырқы әрекетке» бел буады дейді заңгерлер.

Жансая Жанбекова, заңгер:

- Атаулы әлеуметтік көмекті ертеңгі күні тоқтатып қойса қалай болады? Сонда сіздер күйеуіңізбен ажырасып, көмек үшін ажырасасыздар ма десем «жағдайға байланысты дейді.  

Жоқшылықтың зардабын тартқандар көбірек ақша алудың қамына кіріскен. Алименттен де әдейі бас тартады. Психологтар Алматыдағы орталықтан көмек алатындар арасында «масылдық психология» қылаң бергенін айтады.

Салтанат Мәусейітова, психолог:

- Мысалы бізде 4 баласы бар ата-аналарға 30 мыңға сертификат беріледі азық-түлікке, ал 6 бала одан да көп ата-аналарға киімге 60 мыңға сертификат беріледі.

Сәуірден бастап беріле бастаған 21 теңгенің «жыры» бітер емес. Шымкенттегі соттар арыздың астында қалғандықтан дабыл қағып отыр. Мемлекеттің аз ғана қолдауы үшін туған баласынан бас тартқан әкелер күрт көбейген. Кейбірін судья райынан қайтарған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмек үшін ажырасуға тосқауыл қоюды тапсырып отыр. Жәрдем тек шын мұқтаждарға берілуі тиіс. Тек осы жылдың 3 айында елімізде 13065 ажырасу тіркелген. Бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін.

Мағжан Советов, Ұлттық экономика министрлігі, статистика комитетінің сарапшысы:

- Өңірлерге келетін болсақ, қаңтар-наурыз айларында 2019 жылы ажырасудың ең жоғары деңгейі Павлодар облысында көбірек байқалады. Одан кейін Алматы қаласында, кезекті орын Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 80 мыңнан астам отбасы 9,4 миллиард теңге көлемінде көмек алған. Әзірге, көпбалалы отбасылардың көбі ажырасу арқылы сол статусқа жететініне сенімді. Айта кетейік, әлеуметтік атаулы көмек мемлекет тарапынан берілетін уақытша қолдау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде